Қазақстанда оқу жылы басталғалы 800-ден аса оқушы коронавирус жұқтырды

0
518

Онлайн форматта білім алатын оқушылар арасында COVID-19 індетіне 564 бала шалдыққан.


Қазақстанда оқу жылы басталғалы 800-ден аса оқушы коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі, бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирустық инфекцияның статистикасын жариялады, деп жазады Stan.kz.


"Оқу жылы басталғаннан бері оқушылар арасында COVID-19 сырқаттанған 825 жағдай тіркелген, оның ішінде кезекші сыныптарда 261 оқушы COVID-19 жұқтырған. Бұл офлайн режимінде оқитын балалардың жалпы санынан 0,03%-н құрайды. Ал онлайн форматта білім алатын оқушылар арасында COVID-19 індетіне 564 бала шалдыққан, бұл 0,02%-ы құрайды", - дейді Қиясов.


Сонымен қатар, ол соңғы аптаға қатысты мәліметтермен де бөлісті.


"Соңғы аптада тоғыз облыста кезекші сыныптарда оқушылар арасында 62 жағдай тіркелді. Мектеп оқушыларының арасында коронавирусты ең көп жұқтырғандар Шығыс Қазақстан облысында (32), Павлодар облысында (12), Батыс Қазақстан облысында (бес) байқалады. Басқа аймақтарда оқшауланған жағдайлар тіркелді", - деді Қиясов ОКҚ онлайн брифингінде.