Қазақстанда өрт сөндіру техникасына қатысты екі томдық оқулық әзірленді

0
2 843

Бірінші томда өрт сөндіру автомобильдерін орнату және пайдалану мәселелері, ақаулықтар және оларды жою тәсілдері, автоцистерналармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары көрсетілген.


Қазақстанда өрт сөндіру техникасына қатысты екі томдық оқулық әзірленді

ERNUR.KZ. Қазақстанда өрт сөндіру техникасына қатысты екі томдық оқулық әзірленді, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты мен Беларусь ТЖМ АҚУ Гомель филиалы бірлескен авторлық ұжым «Өрт автомобилінің жүргізушісі» атты екі томдық оқулығын жазып бітірді.

Шығармашылық жұмысқа жедел-тактикалық пәндер кафедрасының бастығы Р.Баймағанбетов пен аға оқытушы М.Сейдалин, сондай-ақ Беларусь ТЖМ азаматтық қорғау университетіндегі әріптестеріміз В.Копытков пен В.Боднаруктар қатысты.

«Өрт сөндіру техникасының мәліметтер кешенін құру мақсатында қолға алынған оқулықта өрт сөндіру автомобильдерінің жіктелуі, құрылысы, байланыс құралдары, ақаулар және оларды жою әдістері жинақталған. Құнды кітап өрт-техникалық бейіні бойынша білім беретін мекемелердің курсанттары мен тыңдаушыларына, қызметі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған аумақтық бөлімшелердің және өз қызметінің түрі бойынша өрт техникасын әзірлеумен және пайдаланумен байланысты басқа да мекемелердің қызметкерлеріне көмек көрсетеді», делінген хабарламада.

Бірінші томда өрт сөндіру автомобильдерін орнату және пайдалану мәселелері, ақаулықтар және оларды жою тәсілдері, автоцистерналармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары көрсетілген.

Екінші том өрт сөндіру автомобильдерін жіктеуге арналған. Сондай-ақ өрт сөндіру автомобильдерінің материалдық бөлігінің мәселелері, пайдалану ережелері көрсетілген. Әр том 50 данадан басылып шығарылады.