Жұмыс комиссиясы Президент тапсырмасын орындау бойынша ұсыныстар әзірлейді.
ERNUR.KZ. Премьер-Министрдің өкімімен Қазақстанда пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді алып қою бойынша жұмыс комиссиясы құрылды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Жұмыс комиссиясы пайдаланылмай жатқан және заң талаптарын сақтамай берілген жерлерді анықтау және алып қою жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Комиссия атқарылған жұмыс туралы тоқсан сайын 2025 жылға дейін Президент әкімшілігін хабардар ететін болады.
Жерді алып қою жөніндегі комиссияның құрамына кіретін:
премьер-министрдің бірінші орынбасары, комиссия басшысы
ауыл шаруашылығы министрі, басшының орынбасары
АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, хатшы
ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі
ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі
ҚР Қаржы вице-министрі
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары – Бас прокуратураның экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экономикалық қауіпсіздік департаменті бастығының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
облыс әкімдерінің орынбасарлары.
Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір қолға жалға берілген жер учаскелерінің шекті мөлшері туралы мәселені шешуді тапсырған болатын.