Қазақстанда полиэтилен өндіретін зауыт салынады

0
148

Зауытпен бірге кешенде екі инфрақұрылымдық жоба іске асырылады.


Қазақстанда полиэтилен өндіретін зауыт салынады

фото: "КазМунайГаз"

ERNUR.KZ. Қазақстанда полиэтилен өндіретін зауыт салынады, деп жазады sputnik.kz.
Зауытпен бірге кешенде екі инфрақұрылымдық жоба іске асырылады, ол: газ бөлу кешені және магистральдық құбырлар. Үш жобаның жалпы құны шамамен 11 миллиард доллар.
"Бұл ҚМГ мен серіктестердің тікелей инвестициялары. Бүгінгі таңда барлық инвестициялық шешімдер қабылданды. Үкіметтің қолдауының арқасында құрылыс нормаларының кейбір артық талаптары алынып тасталды, нәтижесінде ҚМГ мен "Полиэтилен" жобасының инвесторлары қажетті инвестициялық шешімдерді уақтылы қабылдады", — деді "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Асхат Хасенов.
Газ бөлу кешенінің жобасын қаржыландыру мәселесі ашық күйде қалып отыр. Қазір Қазақстанның даму банкімен қолайлы жағдайлар қарастырылып жатыр, деді Хасенов.
Сондай-ақ оның айтуынша, Қазақстан полипропилен экспортын тоғыз есеге арттырған. Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша полипропилен өндіру көлемі 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 73%-ке өсіп, 126 мың тонна болды. Болжам бойынша жыл соңына дейін 486 мың тоннаға жетеді.
"Қазақстандағы полипропилен бағасы көрші елдермен салыстырғанда ең төменгі деңгейде. Одан әрі қайта бөлуді ынталандыру үшін былтыр "Форсаж" бағдарламасы іске қосылды. Бұл тұтынушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, полипропиленді жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік береді", - деді Хасенов.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ішкі нарықта полипропиленді тұтыну өсімі 25%-і құрады.