Бүгін Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтіп жатыр.
Фото: скриншот
ERNUR.KZ. Конституциялық комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Конституцияға ұсынылатын өзгерістерді атады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Соның ішінде Әділет министрі Конституцияның 41-бабына қандай өзгеріс ұсынылып отырғанын айтты. Бұл бап – Қазақстандағы президент сайлауының датасына байланысты.
Әділет министрі түсіндіргендей, бұл бапқа сай қазір президент сайлауы өтетін күн желтоқсан айының бірінші жексенбісі деп көрсетілген.
«Мұндай норма әртүрлі обьективті мән-жайларды ескеруге мүмкіндік бермейді әрі өкілеттілік мерзімінің аяқталуы мен сайлау күні арасындағы мерзімдік айырмашылықтың туындауына әкеп соғуы мүмкін. Осыған байланысты, Конституцияның 41-бабында президент сайлауы оның өкілеттілік мерзімінің аяқталуына кемінде екі ай қалғанда өтеді деп көзделген. Бұл редакцияда мемлекет басшысының сайлау күні оның өкілеттілік мерзімінің аяқталу күніне орай белгіленіп, құқықтық айқындық қамтамасыз етіледі», - деді Әділет министрі.


