Қазақстанда психикалық денсаулық қызметінің байланыс орталығы құрылады

0
467

Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында белгілі болды.


Қазақстанда психикалық денсаулық қызметінің байланыс орталығы құрылады

ERNUR.KZ. Қазақстанда психикалық денсаулық қызметінің байланыс орталығын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Қуаныш Алтынбеков Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте денсаулық сақтау жүйесінде халық арасында, оның ішінде жасөспірімдер мен жастар арасында есірткі құралдарын қолданудың алдын алудың негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Белгілі болғандай, психикалық денсаулық орталығында сенім телефондары, онлайн-психотерапиялық және психологиялық көмек көрсету бойынша ақпараттық ресурстар жұмыс істейді, онда білікті мамандар кеңес береді. Сонымен қатар есірткінің жағымсыз әсерін әркімге жеткізу үшін жасөспірімдермен, жастармен жұмысты кеңінен жүргізу қажет.

«Психикалық денсаулық қызметінің байланыс орталығынан көмекті қалай алуға болады, оңалту бөлімшелері қайда жұмыс істейді, осы бөлімшелерге қалай кіруге болады? Аталған Колл орталық елдің барлық психикалық денсаулық орталықтарын біріктіретін болады; өңірлік психикалық денсаулық орталықтарында есірткіге тәуелді пациенттерді медициналық-әлеуметтік оңалтудың үш кезеңдік бағдарламасы бар бөлімшелерді кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде, онда есірткіге физикалық тәуелділіктен арылуға, әлеуметтік дағдыларды қалпына келтіруге, сондай-ақ есірткіні қайта пайдалануға төзімділікті қамтамасыз ететін жеке қасиеттерді дамытуға бағытталған медициналық және әлеуметтік іс-шаралар өткізіледі», - деп атап өтті спикер.

Бұл бөлімшелерде өздері тәуелді болған және өз тәжірибесіне сүйене отырып, пациенттердің сауығуына көмектесетін адамдар жұмыс істейді.

«Бүгінгі таңда үш кезеңді оңалту 7 өңірде жұмыс істейді: Ақмола, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Ақтөбе облыстарында және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында. Қазан айында бөлім Солтүстік Қазақстан облысының психикалық денсаулық орталығында ашылады», - деді Қуаныш Алтынбеков.