Қазақстанда шетелден келетіндер үшін арнайы ережелер бекітілді

0
613

Шетелдермен әуе қатынастарын жандандыру жолдары қарастырылып жатыр.


Қазақстанда шетелден келетіндер үшін арнайы ережелер бекітілді

ERNUR.KZ. Қазақстанда шетелден келетіндер үшін арнайы ережелер бекітілді, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтып берді. Ол шетелдермен әуе қатынастарын жандандыру жолдарының қарастырылып жатқанын айтты.

"Ведомствоаралық комиссияда халықаралық әуе қатынастарын қалпына келтіру мәселесі міндетті түрде қарастырылады. Біз ДДСҰ мен бірлесе отырып бірқатар ережелер енгізген болатынбыз", - дейді ол.

Сонымен қатар, бас санитарлық дәрігер енгізілген ережелерге жеке тоқталды. Қазақстан эпидемиологиялық жағдайы жақсы мемлекеттермен әуе қатынасын жақын арада жандандырып, шетелдіктерді қабылдайтын болады.

"Біріншіден, бізге қарағанда эпидемиологиялық жағдайы жақсы болуы керек. Егер жағдай жақсы болса, ол мемлекеттердің азаматтары бізге ешқандай шектеусіз ұшып келе алады. Егер эпидемиологиялық жағдай біздің мемлекетпен тең болатын болса, ПТР тестілеуінің теріс нәтижелі екенін дәлелдейтін анықтама қажет. Бұл анықтама 5 күнге ғана жарамды. Егер мұндай анықтама болмаса, жолаушы туралы ақпарат жүйеге енгізіліп, екі күн ішінде ПТР тестілеу тапсыруға міндеттімін деп қол хат жазып береді. Немесе 14 күн үй карантинінде болатынын растайды. Ал эпидемиологиялық жағдай нашар мемлекеттермен әуе қатынасына шектеу қойылған", - дейді Есмағамбетова.