Қазақстанда тағы бір атаулы дата пайда болады

0
2 407

Мереке 9 маусымда аталып өтетін болады.


Қазақстанда тағы бір атаулы дата пайда болады

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасындағы мерекелер тізіміне қосымша енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасын әзірледі, деп жазады zakon.kz.

Құжат қоғамдық талқылауға ұсыну үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылды.
Атап айтқанда, мереке күндерін келесі тармақпен толықтыру ұсынылады:

"11-1. Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің, қызметкерінің күні – 9 маусым".

Ішкі істер министрлігінің түсініктемесі бойынша, қазіргі уақытта ҰҚК, Мемлекеттік күзет қызметі, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктері сияқты мемлекеттік органдарда Арнайы мақсаттағы бөлімшелер бар.
Бұл бөлімшелердің өзіндік шартты атаулары, белгілері және нақты арнайы тапсырмалары бар.

Бұл мәселенің оң шешім табуы жылдар бойына қалыптасқан сабақтастық дәстүрлерін ресми түрде шоғырландырады, қызметтің алдыңғы қатарлы қызметкерлері мен Арнайы мақсаттағы полкі ардагерлерін кәсіби мерекені атап өту шараларына құрметтеп шақырып, бұл игі-шара жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге, рухани-адамгершілік құндылықтарды, әскери дәстүрлерді ұрпақтан ұрпаққа беруге өзіндік үлес қосады, - дейді министрліктегілер.

Атап айтқанда, 9 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Арнайы мақсаттағы полкінің Үйлестіру кеңесін құру туралы шешімге қол қойды (2016 жылғы 9 маусым).