Қазақстанда тағы бір өңір "жасыл" аймаққа өтті

0
354

Шығыс Қазақстан облысы «жасыл» аймаққа шықты.


Қазақстанда тағы бір өңір

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі вежомствоаралық комиссиясы 2021 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды облысы.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

Айта кетейік, кеше, 7 қарашадағы мәліметтері бойынша, Шығыс Қазақстан облысы «сары» аймақта тұрған болатын.