Қазақстанда тағы бір жер сілкінісі тіркелді

0
108

Таңертең Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінген еді.


Қазақстанда тағы бір жер сілкінісі тіркелді

© Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында жер сілкінді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Сейсмологиялык зерттеу институтының мәліметінше, жер сілкінісі Жамбыл облысында сағат 15:08-де тіркелді.

"Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде орналасқан. Құлан ауылында 3 балл, Меркіде 2 балл сезілді", - деп хабарлады ведомство.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ.
Айта кетейік, бүгін Шығыс Қазақстанда да жер сілкінді. Өскеменде 2 балл, Қатон-Қарағайда 3 балл болды.