Қазақстанда төтенше жағдай режимі 24 шілдеге дейін ұзартылады деген ақпарат жалған

0
2 644

Әдейі қысқартылып алынған сюжетте ақпараттың мазмұны өзгертілген.


Қазақстанда төтенше жағдай режимі 24 шілдеге дейін ұзартылады деген ақпарат жалған

Әлеуметтік желілерде төтенше жағдай режимін 24 шілдеге дейін ұзарту туралы созылады деген ролик таратылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде «Хабар24» эфирінде өткен сюжеттің үзіндісі алынып, жалған ақпарат таратылып жатыр. Сюжетте Франциядағы коронавирус жағдайына байланысты карантин мерзімі ұзартылатыны хабарланған болатын.

Әдейі қысқартылып алынған сюжетте ақпараттың мазмұны өзгертілген.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының заңнамасымен жалған ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.