Бүгінде Қазақстанда деректер айналымы бар және ол, мысалы, болашақта қарызын өтей алмайтын азаматтарға несие беруді шектеу, яғни кредиттік скорингтерді қалыптастыру сияқты маңызды мәселелерде елеулі рөл атқарады.
ERNUR.KZ. Қазақстанда алғаш рет цифрлық деректер өнімі ұғымы, сондай-ақ олармен алмасуға арналған платформа енгізіледі. Сонымен қатар елде цифрлық деректер экономикасы бойынша уәкілетті орган құру жоспарланып отыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда деректер айналымы бар және ол, мысалы, болашақта қарызын өтей алмайтын азаматтарға несие беруді шектеу, яғни кредиттік скорингтерді қалыптастыру сияқты маңызды мәселелерде елеулі рөл атқарады.
«Бұл нарықты киберқауіпсіздік тұрғысынан неғұрлым ашық, болжамды және тәуекелі төмен ету үшін тиісті бағыттағы уәкілетті орган жүргізетін осындай платформаларды есепке алу енгізіледі. Мұндай деректерге қойылатын талаптар да белгіленеді: олар жекешеленбеген, талдауға өңделген және белгілі бір сапа талаптарына сай болуы тиіс. Бұл қазіргі уақытта бар нарықты заңдастыруға, ал болашақта деректердің құнын айқындауға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді вице-министр.
Осылайша, киберқауіпсіздік саласында деректердің таралып кетуі үшін салынатын айыппұл мөлшерін арттыру жоспарланып отыр.


