Қазақстанда түрлі-түсті және қара металл сынықтарын өңдейтін бірнеше зауыт ашылады

0
625

​Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мәлімдеді.


Қазақстанда түрлі-түсті және қара металл сынықтарын өңдейтін бірнеше зауыт ашылады

ERNUR.KZ. Қазақстанда түрлі-түсті және қара металл сынықтарын қайта өңдейтін бірнеше зауыт ашылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу барысында мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Кездесу барысында «Ақтау теңіз солтүстік терминалы» ЖШС бас директоры Д. Қалиасқаров металл сынықтарын экспорттауға тыйым салуды алып тастау мүмкіндігі туралы сауал жолдады. Оның пікірінше, бұл қадам порт пен теңіз тасымалын қосымша жүктеуге мүмкіндік береді. ИИДМ басшысы аталған мәселеге түсіністікпен қарайтынын айтып, алайда тыйым салу тек мәжбүрлі шара ғана емес, сонымен бірге стратегиялық қадам екенін ерекше атап өтті.

«Біз түрлі-түсті және қара металл сынықтарын қайта өңдейтін бірнеше зауыт ашуды жоспарлап отырмыз. Сондықтан отандық металдарды елден шикізат түрінде шығаруға шектеу қою керек. Халқымыз жер қойнауы байлығының қызығын өзі көруі керек», – деді Қ.Өскенбаев.