Қазақстанда тұрмыстық техниканың бағасы қымбаттайды

0
2 917

Бұған электроника импорты мен өндірісі үшін төлеуге міндеттелген авторлық алым себеп болмақ.


Қазақстанда тұрмыстық техниканың бағасы қымбаттайды

ERNUR.KZ. Қазақстанда тұрмыстық техниканың бағасы айтарлықтай қымбаттайды. Ал, оны елге әкелу көлемі біршама азаймақ. Бұған электроника импорты мен өндірісі үшін төлеуге міндеттелген авторлық алым себеп болмақ, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қазақстан нарығына электрондық техникаларды жеткізетін және өндіретін ірі компаниялардан қосымша салық алынады. Яғни, импорттаушылар мен Қазақстанда техника шығаратын кәсіпорындарға аудио және бейне ойнатқыштарды жеке мақсатта пайдалану үшін авторлық салық салынады.

Техниканы (смартфондар, теледидарлар, планшеттер, компьютерлер және сол сияқты электрондық құрылғылар) сатушылардан тауардың кедендік құнынан 0,7% мөлшерінде алым алынады. Егер бұл үрдіс жүзеге асса, тұтынушы үшін тұрмыстық электрондық техникалар құны тағы да 2-2,5 пайызға қымбаттауы мүмкін.

Қазақстан кәсіпкерлер палатасы үкіметтің жекелеген ведомстволарында кәсіпкерлердің мүддесін қолдамайтынын, осылайша көптеген заң бұзушылыққа жол бере отырып, заңнамалық актілерді жазуда жеке мүддесін ойлайтындар көбейгенін айтады. Қазақстан электр тұрмыстық, компьютерлік техника және күрделі техникалық жүйелер сауда компаниялары мен тауар өндірушілер қауымдастығы (КАТЭКС) таратқан хабарламада жоғарыдағы бастамаларға түрткі болған ҚР Әділет министрлігі «Кәсіпкерлік кодексі» мен «ҚР бюджет кодексін» жасау кезінде заңбұзушылықтарға жол бергені айтылған.

«Осы квазисалықтың кереғарлығын дәлелдеу үшін импорттаушылар Alvin Market тәуелсіз аудиторларының көмегіне жүгінген. Олар нарықты талдап, көптеген құрылғылар деректерді көшірудің орнына интернеттегі немесе телеарналардағы мазмұндарды қарау үшін пайдаланылатынын анықтады. Респонденттердің 84%-ы авторлық мазмұнды мүлдем көшірмегенін айтты. Бейнежазбаны интернет арқылы қарау кезінде пайдаланушылар жарнамалар арқылы монетизацияланатын тегін мазмұнды таңдайды.
Ал 59%-ы YouTube немесе Vimeo арқылы бейнематериалдарды көреді. Респонденттердің 66%-ы авторлық алым енгізуді әділетсіз шешім деп санайды. Одан тыс тағы 88%-ы отбасындағы әр құрылғыдан алым алынады дегенді дұрыс емес деп есептейді. Сондай-ақ, электроника қолданушыларының 83%-ы мүлдем тыңдамайтынын, оқымайтынын және қарамайтынын айтып, авторларға шегерім төлеуге мәжбүр болатындығын әділетсіз деп санайды. Бұдан басқа, авторлық алымды енгізу Қазақстанда электроника импортынның 2%-ға қысқаруына және Ұлттық бюджетке алымдар 2%-ға дейін азаюйына әкеледі», - делінген зерттеуде.

Айта кету керек, авторлық құқық үшін деп төлем жинайтын «Еуразиялық құқық иеленушілер одағы» төрағасы Әсет Блиев «Заң бар, бірақ оны ірі кәсіпкерлер орындауға асықпай отыр» деп шағымданды. Одақтың жетекшісі әрбір сатылған электрондық тауардан алым алып, оны сыйақы ретінде авторға беру әлем елдерінде бір ізге түскенін айтады. Одақ басшысы Батыс Еуропа елдері оны бұрыннан қолданатынын жеткізді.