Қазақстанда үйдің бағасы арзандауы мүмкін

0
632

Қазан айында жаңа үйлердің орташа құны шаршы метрі үшін 305 мың теңгеден асты.


Қазақстанда үйдің бағасы арзандауы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстандағы тұрғын үй бағасы 10 процентке дейін арзандауы мүмкін. Бұл туралы жылжымайтын мүлік нарығы бойынша сарапшы Анель Мұқатова хабарлады, деп жазады 24.kz.

Бірақ қазірдің өзінде бағаны қолжетімді деу қиын. Қазан айында жаңа үйлердің орташа құны шаршы метрі үшін 305 мың теңгеден асты. Өткен айда елордада жасалған 5000-ға тарта келісімнің жартысынан көбі ипотекалық бағдарламалар арқылы рәсімделген.

Жылжымайтын мүлік агенттігі арқылы келіссөздер негізінен екінші нарықтағы үйлерге байланысты жасалды. Көпшілік мұндай үйлерді 11 процентке қымбат алуға мәжбүр болды. Сол себепті болар келісімдер алдыңғы айға қарағанда 9 процентке аз рәсімделген. Айта кетейін, келесі жылы бас қалада 10 мың әлеуметтік пәтер пайдалануға беріледі.

Анель Мұқатова, жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы:

"Елордада өткен айда жылжымайтын мүлік бойынша 4780 сату-сатып алу келісімі жасалды. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 9,6 процентке аз. Десе де, агенттік көрсетететін қызметтер үлесі артқан. Оның 60 проценті ипотекалық келісімдер болды. Ипотекалық несиелеу негізінен екінші нарықтағы үйлерге тиесілі".