Қазақстанда ҰҚШҰ оқу-жаттығу жиыны аяқталды

0
331


Қазақстанда ҰҚШҰ оқу-жаттығу жиыны аяқталды

Қазақстанда ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығулары аяқталды, деп жазады Ulysmedia.kz.


Бүгін "Мызғымас бауырластық-2024" оқу-жаттығуы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің "Жағалау" оқу-жаттығу полигонында аяқталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұжымдық бітімгерлік күштер берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындаған. Оқу-жаттығу барысында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің бітімгерлік операциясына дайындығы және оны өткізу мәселелері пысықталды.


“Оқу-жаттығу барысында ведомствоаралық және халықаралық өзара іс-қимылды сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін қорғаныс және басқа ведомстволар арасындағы іс-қимылды үйлестіруге ерекше назар аударылды”, делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуына БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларында тікелей тәжірибесі бар және дайындықтан өткен нұсқаушылар тартылды. ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің бөлімшелері бақылау-өткізу пункттерінде, босқындарды қабылдау пункттерінде бітімгерлік міндеттерді бірлесіп шешті, жергілікті жерді патрульдеуді жүзеге асырды және гуманитарлық көмек көрсетілді.

Еске сала кетсек, ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан бітімгерлік күштерінің ұлттық контингенттері, ҰҚШҰ Біріккен штабы мен Хатшылығының жедел топтары қатысты.


ҰҚШҰ (Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы) – әскери одақ. Оның құрамына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді. Армения жақында ҰҚШҰ-ға мүшеліктен шығып кетті.