Ол халықаралық стандарттармен үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
ERNUR.KZ. Аталған институт құрылыс саласындағы техникалық нормативтік талаптарды ғылыми зерттеу, әзірлеу, өзектендіру және сүйемелдеу бойынша бірыңғай орталыққа айналады, деп жазады inform.kz.
Сонымен қатар, ол халықаралық стандарттармен үйлестіруді қамтамасыз етеді.
— Институт аясында нақты бағыттар бойынша (құрылымдар, сәулет, қала құрылысы, көлік, құбыр жүйелері, сумен жабдықтау және т. б.) нарықтан тартылған білікті мамандардың қатысуымен салалық техникалық комитеттер қалыптастырылады, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.


