Қазақстанда Ядролық физиканы дамыту жөніндегі кеңес құрылды

0
199

Ядролық физиканы (радиохимияны) дамыту жөніндегі кеңес Үкімет жанындағы консультативтік-кеңес органы саналады.


Қазақстанда Ядролық физиканы дамыту жөніндегі кеңес құрылды

фото: ҚР Үкіметі

ERNUR.KZ. Қазақстанда Ядролық физиканы (радиохимияны) дамыту жөніндегі кеңес құрылды. Тиісті құжатқа Премьер-Министр 27 қыркүйекте қол қойды, деп жазады inform.kz.

Кеңес құрамына мынадай лауазымды тұлғалар кіреді:

Энергетика министрі, төраға;

Ғылым және жоғары білім министрі, төраға орынбасары;

Энергетика вице-министрі, хатшы;

Сенат депутаты;

Ауыл шаруашылығы вице-министрі;

Денсаулық сақтау вице-министрі;

Көлік вице-министрі;

Қаржы вице-министрі;

Сыртқы істер министрінің орынбасары;

Ұлттық экономика вице-министрі;

Цифрлық даму, инновациялар жне аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі;

Үкімет Аппараты әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі;

«ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК Ядролық медицина орталығының жетекшісі (келісімі бойынша);

«ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директоры (келісімі бойынша);

«Ядролық физика институты» РМК бас директоры (келісімі бойынша).

Ядролық физиканы (радиохимияны) дамыту жөніндегі кеңес Үкімет жанындағы консультативтік-кеңес органы саналады. Кеңестің мақсаты – ядролық физиканы (радиохимия) дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгін бағыттарын әзірлеу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау.