Қазақстанда заңға қайшы 700-ге жуық интернет-ресурсқа шектеу қойылды

0
468

​Ақпарат министрлігі республикалық және өңірлік баспа БАҚ, телеарналар, отандық және шетелдік ресурстарды бақылап отырады.


Қазақстанда заңға қайшы 700-ге жуық интернет-ресурсқа шектеу қойылды

ERNUR.KZ. Қазақстанда заңға қайшы 673 интернет-ресурс пен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды, деп жазады sputnik.kz.

Комитет Қазақстан заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан әлеуметтік медианы қоса алғанда, ақпараттық алаңға тұрақты негізде мониторинг жүргізетінін атап өтті.
"2022 жылғы 1-30 сәуір аралығында "Байланыс туралы" заңның 41-1 бабы 1-1 тармағына сәйкес уәкілетті органның ұйғарымымен 673 интернет-ресурс пен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды", - делінген хабарламада.
Олардан мынадай заңбұзушылықтар анықталды:
экстремизмді насихаттау – 5;
порнография тарату – 133;
есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын насихаттау – 20;
ойын бизнесі – 272;
жарнама – 24;
әкімшілік құқықбұзушылық – 4;
алаяқтық – 197;
баланың денсаулығына, адамгершілік және рухани дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыру – 18.