Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін өндіретін 5 нысан іске қосылады

0
1 454

Елімізде өндірілетін электр қуатының 2 проценті осы жасыл технологияларға тиесілі.


Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін өндіретін 5 нысан іске қосылады

ERNUR.KZ. 2021 жылы елімізде жаңартылатын қуат көздерін өндіретін 119 нысан жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы қуаттылығы – 2100 мВт. Жобадан млрд-таған доллар инвестиция түсетіні анық. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

2019 жылдың соңына дейін жаңартылатын энергия көздерін өндіретін 5 нысан іске қосылады. Осылайша елімізде биыл қуаттылығы 980 мегаватт болатын 86 нысан жұмыс істейтін болады. Қазір мамандар бұл жобалардың елге 1 млрд доллар инвестиция әкелетінін болжап отыр. Демек жасыл энергия өндіріліп қоймай, жаңа жұмыс орындары ашылады.

«Мұнай алыптары да баламалы қуат көзін өндіруге ден қойып жатыр. 2020 жылы оның игілігін көретін боламыз», – дейді мамандар.

Жалпы биылғы бірінші жартыжылдықта елімізде 734 мегаватт қуат өндірілді. Оның ішінде күн электр стансаларының күші басым. Әзірге био энергия 1 мегаватт шамасында. Елімізде өндірілетін электр қуатының 2 проценті осы жасыл технологияларға тиесілі. 2050 жылға дейін оның көлемін 50 процентке жеткізу көзделген. Демек ішкі нарық баламалы қуат көздерімен толық қамтылады, артылғаны шетелге экспортталады.