Күзетші жігітке қарсыласып, қолына түскен темір банкаларды лақтыра бастаған.
ERNUR.KZ. Өскеменде электр арамен жанармай құю бекетіндегі кассаны тонамақ болған 20 жастағы жігіт үш жылға сотталды. Ол оқуының ақысын өтеу үшін осындай әрекетке барған, деп жазады Stan.kz.
Күзетші жігітке қарсыласып, қолына түскен темір банкаларды лақтыра бастаған. Олардың бірі шынжырлы араға түсіп, cалдарынан құрылғы тоқтап қалған.
Кейін жігіттің қолындағы құралы залалсыздандырылып, полицияға тапсырылды. Жігіт бұл қылмысқа университеттегі оқу ақысын төлеу үшін барғанын айтты. Сот оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
“Сот осы қылмыстық іске жаза түрін анықтау кезінде қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлардың болмауы, кінәні мойындау және шын жүректен өкінуін ескеріп үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, – деді Өскемен қаласының № 2 сотының судьясы Эльдар Мұқаев.