Қазақстанда жұмыста жарақат алғандарды сақтандыру туралы заңға өзгерістер енгізілді

0
902

Жаңа түзетулерге жұмыскерге еңбек жарақатын алған кезде өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеу толық көлемде жүзеге асырылады.


Қазақстанда жұмыста жарақат алғандарды сақтандыру туралы заңға өзгерістер енгізілді

ERNUR.KZ. Қазақстанда жұмысшыны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесі жетілдіріледі, деп жазады sputnik.kz.

Министрлік жұмыста жарақат алған жұмысшыны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру туралы заңға өзгеріс енгізді. Тиісті заң жобасын мәжіліс қабылдап, парламенті сенатының қарауына жолданды.
Заңнамаға мынадай түзетулер енгізілген.
"Бірінші - өмірді сақтандыру компаниялары жұмыс берушінің алдын алу шараларына жұмсаған шығындарын төленген сақтандыру сыйақысының 6 %-іне дейін өтеуі керек. Екінші - өмірді сақтандыру компанияларының төленген сақтандыру сыйақысының 6 %-ін оңалту шараларына жұмсалатын шығындарды өтеуі. Үшінші - зардап шеккен қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды күшейту", - дейді ведомстводағылар.
Алдын алу шараларына мыналар жатады: басшылар мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды оқыту; кәсіптік тәуекелдерді бағалау; нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеу; мерзімді медициналық тексерулер жүргізу. Сондай-ақ жұмысшының өміріне қауіп төндіретін құралдарды жаңарту және қауіпсіздік жүйелерін орнату керек.
"Қазіргі уақытта регрессиялық төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде жұмыскердің кінәсі де анықталады. Егер жұмыскердің кінәсі, мысалы 50 % мөлшерінде анықталса, онда оған тиісінше төлемнің тек 50 % ғана беріледі. Жаңа түзетулерге жұмыскерге еңбек жарақатын алған кезде өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеу толық көлемде жүзеге асырылады", - дейді министрлік.