Қазақстанда жыл басынан бері 12 мыңға жуық сайт бұғатталды

0
238


Қазақстанда жыл басынан бері 12 мыңға жуық сайт бұғатталды

ERNUR.KZ. Алматыда Қаржылық мониторинг агенттігінің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп жазады BAQ.KZ




«ҚМА интернеттегі қаржы пирамидалары мен алаяқтық жобаларды жарнамалайтын контентті анықтау үшін арнайы аналитикалық жүйені қолданады. Жүйе ұйымдастырушыларды анықтап, олардың қызметін тоқтату бойынша шаралар қабылдайды», — деп жазылған хабарламада.

Агенттік өкілдерінің хабарлауынша, жыл басынан бері:

  • 28 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды;
  • 12 мыңға жуық сайт, 300-ге жуық чат пен әлеуметтік желідегі аккаунт бұғатталды;
  • Telegram-бот «Baiqa piramida» арқылы азаматтардан 9 мыңнан астам сұрау қаралды.

Отырыста Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) әлеуметтік маңызы бар тауарлар нарығындағы делдалдарды анықтау жұмыстары туралы есеп берді. Кеңес мүшелеріне электронды шот-фактуралар деректерін пайдалана отырып, сауда үстемелерінің жоғарылауын автоматты түрде анықтайтын аналитикалық жүйе таныстырылды.

Әлеуметтік маңызы бар тауарларды бақылау нәтижелері:

  • Агенттік жыл басынан бері өңірлік комиссияларға 650-ден астам материал жолдады.
  • Әкімшілік жауапкершілікке 350 адам тартылды.
  • Мемлекеттік мекемелердің қатысуымен 600-ден астам ұйым мемлекеттік сатып алу шарттарын қайта қарап, 350 миллион теңгеден астам бюджеттік қаражат үнемделді.