"Банк ЦентрКредит" АҚ Қазақстандағы Альфа-Банкті сатып алғаннан кейін компанияның атауын өзгертті.
ERNUR.KZ. Енді Қазақстандағы "Альфа-Банк" ресми түрде Eco Center Bank деп аталады, деп жазады sputnik.kz.
Бұл туралы қазақстандық KASE қор биржасының сайтында хабарланды.
Банк биыл 13 мамырда қайта тіркеуден өткен. Енді ол "Банк ЦентрКредит" АҚ-ның еншілес банкі "Eco Center Bank" АҚ деп аталады.
Eco Center Bank-ті Руслан Владимиров басқарды.
Бұған дейін "Банк ЦентрКредит" АҚ Қазақстандағы Альфа-Банкті сатып алу жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеген еді. Банктің бұрынғы қызметтері өзгермейді. Ал оны SDN тізімінен шығарғаннан кейін клиенттерге банк қызметтерінің толық кешені қолжетімді болады.