Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев БАҚ өкілдермен өткен баспасөз мәслихатында елдегі алғашқы АЭС-тің құрылыс мерзімін қысқаруы мүмкін екенін айтты.
Ulysmedia.kz коллажы
ERNUR.KZ. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы алғашқы АЭС 8 жылдың ішінде салынып бітуі мүмкін деп мәлімдеді, деп жазады ulysmedia.kz.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев БАҚ өкілдермен өткен баспасөз мәслихатында елдегі алғашқы АЭС-тің құрылыс мерзімін қысқаруы мүмкін екенін айтты.
- АЭС-тің бірінші блогын салуға қандай да бір сын-қатерлер кедергі келтірмесе, 10-12 жыл кетуі мүмкін. Бірақ біз технология бір орнында тұрмайтынын түсініп отырмыз. Әлемдегі орташа мерзімдерді ескерсек, бірнінші блокты 8 жылдың көлемінде салып бітіру үшін ресми вендорлардың алдына мерзімді жылдамдату туралы мәселе қоя аламыз, - деді ол БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында.
Еске салайық, 28 ақпанда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысын жеделдету керегін айтқан болатын.
Сондай-ақ ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай жетістікке жету үшін Үкімет мүшелері батыл шешім қабылдауы керек екенін атап өтті.
– Атом электр станциясының құрылысын жеделдету керек. Мен Ana tili газетіне берген сұхбатымда екі үлкен станция салатынымызды айттым. Олардың саны тіпті үшеу болуы да мүмкін. Қазақстанды ядролық энергетикасы дамыған, жасанды интеллект қолданылатын, цифрландыру толық көлемде жүргізілген елге айналдыруымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.