Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі анықталды

0
2 574

Қазақстандықтардың тек 10,6 пайызы ғана әлеуметтік желілердің бірде-бірінде тіркелмеген.


Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі анықталды

ERNUR.KZ. Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі анықталды, деп жазады Алтайньюс.

«ВКонтакте» барлық аспектілер бойынша ең танымал әлеуметтік желі болып танылды. Рейтинг бойынша екінші және үшінші орындарға Instagram және «Мой мир» жайғасты.

Facebook үздік үштіктен сәл ғана қалып қойған екен. Айталық «ВКонтакте»-нің 1 781 760 пайдаланушысы бар. Instagram – 1 008 360, Facebook – 413 026, Twitter 27 776 пайдаланушыға ие.

Әлеуметтік зерттеу нәтижелері қазақстандықтардың тек 10,6 пайызы ғана әлеуметтік желілердің бірде-бірінде тіркелмегенін көрсетті.