Қазақстандағы колониялардың бірінде теракт жасалмақ болған

0
236

Алматы қаласында пробациялық бақылауда тұрған олардың байланысы ұсталды.


Қазақстандағы колониялардың бірінде теракт жасалмақ болған

Фото: ҰҚК

ERNUR.KZ. 22 қарашада ҰҚК ІІМ-мен бірлесе, Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 10 радикалды діни идеология жақтасының әрекетінің жолын кесті, деп жазады tengrinews.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, фигуранттардың бірі қамау жағдайында террорлық акт жасауға дайындалған, ал қалғандары терроризмді насихаттауға қатысып, террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды өз қатарларына тартумен айналысқан.

"Жаза өтеу орындарында жүргізілген тінтулер барысында суық қару, смартфондар және басқа да заттай дәлелдер алынды. Біреуінің экстремизм үшін соттылығы бар. Қалғандары кісі өлтіру, тонау және ұрлық үшін жазаларын өтеген", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Алматы қаласында пробациялық бақылауда тұрған олардың байланысы ұсталды.

Көрсетілген адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 255, 256 және 259-баптары бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.