Қазақстандағы коронавирус көрсеткіштері қайта есептеледі - министр

0
565

10 тамыздан бастап Денсаулық сақтау министрлігі вирустың репродуктивтілік көрсеткішін де есептеп отыратын болады.


Қазақстандағы коронавирус көрсеткіштері қайта есептеледі - министр

ERNUR.KZ. Қазақстандағы коронавирус көрсеткіштері қайта есептелетін болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында айтты, деп жазады zakon.kz.


- 1 тамыздан бастап коронавирус статистикасын есептеудің тәсілінің өзгеруіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі тамыздың алғашқы 10 күніндегі мәліметтер негізінде вирустың репродуктивтілік көрсеткіштерін қайта есептейді. Одан соң әр аймақтардағы жағдайды да бағалайтын боламыз, - деді ол.

10 тамыздан бастап Денсаулық сақтау министрлігі вирустың репродуктивтілік көрсеткішін де есептеп отыратын болады.