Қазақстандық Air Astana Ресейге ұшуды толық тоқтатты

0
618

Тоқтатылған рейс жолаушылары билет ақысын толықтай қайтару үшін билет сатып алған жеріне жүгіне алады.


Қазақстандық Air Astana Ресейге ұшуды толық тоқтатты

ERNUR.KZ. Себебі Ресей Федерациясына және кері бағытта коммерциялық сапарларды сақтандырумен қамтамасыз ету тоқыраған, деп жазады Ulysmedia.kz.

Осылайша көрші елдің әуе кеңістігіне барлық рейс күшін жойып отыр.

“Әуе компаниямыз рейстерді қайта орындауға қажет мәселелерді Қазақстан үкіметімен шұғыл түрде талқылап жатыр”, – делінген хабарламада.

Тоқтатылған рейс жолаушылары билет ақысын толықтай қайтару үшін билет сатып алған жеріне жүгіне алады.