Қазақстандық әнші бортсерікке шабуыл жасап, рейстен шығарылды

0
802

Ұшақта қазақстандық танымал жұлдыз, әнші бортсерікке шабуыл жасап, маңдайынан ұрған.


Қазақстандық әнші бортсерікке шабуыл жасап, рейстен шығарылды

ERNUR.KZ. FlyArystan әуе компаниясы 18 желтоқсан күні ұшақта орын алған келеңсіз жайт туралы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Компанияның мәліметінше, ұшақта қазақстандық танымал жұлдыз, әнші бортсерікке шабуыл жасап, маңдайынан ұрған. Соның себебінен рейс 1 сағатқа кешіктірілген. Алайда әуе компания әртістің аты-жөнін жариялаған жоқ.

Оқиға әуе компаниясының қызметкерлеріне қатысты физикалық күш қолдану ретінде тіркелген. Жолаушы полицияға тапсырылып, оған 440-бап бойынша айып тағылды. Бортсерік қосымша тергеу үшін сот-медициналық сараптамадан өтті.

"Жолаушы өзінің сыртқы киімінің багаж сөрелерінде мыжылғанына наразылық білдірді, содан кейін бортсерік жолаушының сыртқы киімін қол жүгінің үстіне қоюға көмектесу үшін сөреден алып кеткен, бірақ жолаушы өз күртесін тартып алған және бортсеріктің маңдайынан ұрған. Салдарынан қызметкер физикалық және психоэмоционалдық зардап шегіп, рейс 1 сағатқа кешіктірілді", - деп хабарлады әуе компания.