Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында алтын және қола жүлдені жеңіп алды

0
548

Бахрейнде өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық зілтеміршілердің жетістігі жалғасып жатыр.


Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында алтын және қола жүлдені жеңіп алды

ERNUR.KZ. Қазақстандық ауыр атлет Асылжан Бектай Бахрейнде өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп жазады Olympic.kz.

Ол 89 келіге дейінгі салмақта үздік болды. Асылжан Бектай барлығы 362 (165+197) келі көтерді.
Екінші орында Эмиль Молдодосов (Қырғызстан) – 361 (166+195) келі. Масуд Чатраи (Иран) 358 (162+196) келімен үшінші болды.
81 келі салмақта қола жүлдеге ие болған Айша Омарова ұлттық құрамаға тағы бір медаль әкелді. Биатлонның қорытындысы бойынша Омарованың көрсеткіші - 217 (93+124) келі.