Ведомство бұл жағдайды зерттейтінін мәлімдеді.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Қазақстандықтарға Beeline байланыс операторынан (ЖШС "КаР-Тел") үй интернеті тарифтерінің едәуір қымбаттайтыны туралы хабарлама келді, деп жазады tengrinews.kz.
Ведомство бұл жағдайды зерттейтінін мәлімдеді.
"2025 жылғы ақпаннан бастап ЖШС "КаР-Тел" ұсынатын сымды интернет (үй интернеті) тарифтерінің өзгеруіне қатысты шағымдардың түсуіне байланысты оператордан заңнамаға сәйкес тиісті ақпарат талап етіліп, бұл мәліметтер бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерттеледі", – деп жауап берді БҚДА.
Егер нарық субъектілерінің әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері анықталса, агенттік тиісті антимонополиялық шаралар қабылдайтынын атап өтті.
"Кәсіпкерлік кодексінің 216-бабына сәйкес, антимонополиялық орган өз өкілеттігі шеңберінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуды тергеп, тергеу нәтижелері бойынша шешім қабылдайды. Тергеу дегеніміз – заңнаманы бұзуды растайтын немесе теріске шығаратын деректерді жинауға бағытталған іс-шаралар кешені", – делінген жауапта.