Қазақстандық дәрігер: Симптомсыз науқастар ең қауіпті

0
657

Маман халыққа үндеу жасады.


Қазақстандық дәрігер: Симптомсыз науқастар ең қауіпті

ERNUR.KZ. Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті микробиология, вирусология және жалпы иммунология кафедрасының профессоры Раушан Тьесова-Бердалина бүгінгі тікелей эфир барысында коронавирустың симптомсыз тасымалдаушыларының ең қауіпті екенін айтты, деп жазады kaz.nur.kz.


"Ең қауіптісі – симптомсыз науқастар. Оларда ауру белгілері болмайды, алайда олар айналасына жұқтырады. Бүгінгі күні алғашқы медициналық көмек тиімді емес. Анықтау және табылуы - 4-14%, яғни пациенттердің 85 пайызы медициналық қызмет көрсету шеңберінен тыс қалуы мүмкін.

Егер олар (симптомсыз науқастар - ред.) тасымалдаушы екенін білген жағдайда, үйде өзін-өзі оқшаулау тиімдірек болады. Көпшілігі анамнезді білгені жөн. Егер олар қоғамдық орындарда, көпшілік жаппай жиналатын жерлерде, тойларда болса, онда вирусты тасымалдаушы адам болады. Бірақ мұны тек зертханалық зерттеулер арқылы анықтайды.

Коронавирус үшін бұл өте тиімді. Тасымалдау – аурудың ең қауіпті кезеңі", - деп түсіндірді дәрігер.