Қазақстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцинаға патент алу үшін екі өтініш берген

0
643

KAZPATENT екі өтінішті де сараптамадан өткізіп жатыр.


Қазақстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцинаға патент алу үшін екі өтініш берген

ERNUR.KZ. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты ғалымдары KAZPATENT-ке COVID-19 алдын алуға арналған вакцинаны және коронавирус инфекциясы штаммын әзірлеу жөніндегі екі патенттік өтініш берген. Әділет министрлігінің хабарлауынша, екі өтінім де KAZPATENT-тің формалды сараптама кезеңінен өтті, деп жазады Azattyq Rýhy.

  • 2020 жылдың мамырында - COVID-19 алдын алу үшін әсерсіздендіретін вакцинаны алу тәсілі;
  • 2020 жылдың мамырында - «COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың ерекше профилактикалық құралдарын әзірлеу, лабораториялық диагностикалау және биологиялық қорғанысының тиімділігін бағалау үшін қолданылатын COVID-19 коронавирус инфекциясы вирусының «SARS-CoV-2/KZ_Almaty/04.2020» штаммы.

Патент өнертабыстың патентке қабілеттілігін, атап айтқанда, «жаңалық», «өнертабыстық деңгейге жеткендігі», «өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығы» шарттарына сәйкес келуін тексеретін сараптаманың нәтижелері бойынша беріледі.

«Қазіргі кезде өтінімдер мәні бойынша сараптама кезеңінен өтуде. Сараптаманың нәтижесі оң болған жағдайда өнертабыс патенттеледі» - деп хабарлады KAZPATENT директоры Ермек Қуантыров.