Қазақстандық каратэшілер Братиславада жеті алтын медаль жеңіп алды

0
972

Команда қоржынында 4 күміс пен 11 қола жүлде бар


Қазақстандық каратэшілер Братиславада жеті алтын медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Словакияның Братислава қаласында каратеден Гран-при бәсекесі аяқталып, Қазақстанның кадеттер, жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамасы жалпы есебі 7 алтын медаль жеңіп алды, деп жазады baq.kz.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан командасы екінші орынға тұрақтады. Біздің құрама сапынан Ермұхаммед Мэлс, Әсемгүл Ердәулет, Николь Ценгел, Олжас Құлажан, Ілияс Бекзадаев, Самат Қадырханов, Диана Мұсабаековалар чемпион атанды.

Сондай-ақ, команда қоржынында 4 күміс пен 11 қола жүлде бар.

Словакияда өткен 39-шы Гран-при турнирінде Ресей құрамасы көш бастады.