Қазақстандық колледж халықаралық аккредитациядан сәтті өтті

0
511

​Білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларының халықаралық талаптарға сай болған.


Қазақстандық колледж халықаралық аккредитациядан сәтті өтті

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Жол-көлік колледжі Оңтүстік Корея Республикасының ABEEK аккредиттеу жүйесі аясында «Global Sapa» халықаралық академиясымен бірлесіп, халықаралық аккредитациядан сәтті өтті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Аккредиттеу үдерісі халықаралық сарапшылардың қатысуымен бекітілген жұмыс бағдарламасы мен кестеге сәйкес бірнеше кезең бойынша өткізілді.

Бағалау барысында колледждің білім беру жүйесінің құрылымы, басқару тетіктері, кадрлық әлеуеті, материалдық-техникалық базасы және нормативтік-құқықтық құжаттамалары жан-жақты сарапталды.

Сонымен қатар білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларының халықаралық талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударылған.Шетелдік сарапшылар колледждің оқу-өндірістік машықтандыру үдерісімен танысып, заманауи жабдықталған шеберханалар мен зертханалардағы практикалық сабақтардың ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады.