Психологтар балаларға сексуалдық сипатта зорлық көрсеткені үшін сотталғандардың биологиялық және биографиялық мәліметтерін салыстырып, бірқатар сәйкестіктерді анықтады.
ERNUR.KZ. Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінің психолог мамандары педофилдерге тән белгілердің біршама ұқсастығын айқындауға тырысты, деп жазады sputnik.kz.
Қарағанды облысындағы түрмелерде балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен екі жүзге жуық азамат жазасын өтеп жатыр.
Педофилдің белгілерін анықтау үшін психологтар сотталғандармен сұқбаттасып, олардың өмірбаянымен танысты және түрлі зерттеу жүргізді.
Сонымен, педофилия үшін сотталғандардың негізгі белгілері:
- орташа жасы – 32,5 жас (ең жас сотталған азаматтың жасы 17-де, ал ең ересегі 59-да);
- көбісінің өз балалары бар;
- 75%-і бұрын сотты болмаған;
- толық отбасында өскен;
- отбасында жалғыз бала болған;
- жұмысшы мамандығына оқыған;
- зиянды әдеттері бар;
- заңды некеге тұрмаған;
- флегматиктер немесе меланхоликтер;
- астениктер (бойы ұзын және арық);
- бала кезінде психологиялық зақым келген.
Сонымен қатар мынандай заңдылықты анықтау мүмкін болды: кәмелет жасына толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық көп жағдайда сәуір және мамыр айында, өте сирек жағдайда ақпан айында жасалады.