Қазақстандық тауарлар ірі шетелдік сауда желілеріне шығарылады

0
150


Қазақстандық тауарлар ірі шетелдік сауда желілеріне шығарылады

© Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев отандық тауарларды ірі шетелдік сауда желілеріне шығару жоспарын жариялады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Биыл бес айда шикізаттық емес тауарлар экспорты 14,5 процентке артып, 11,8 миллиард АҚШ долларына жетті. Бүгінде Қазақстанда өндірілген тауарлардың шамамен 44 проценті экспортқа шығарылады.
"Келесі кезең – дайын өнімді сыртқы нарыққа ілгерілету. Ол үшін отандық өнімді Lulu Hypermarket, Carrefour, Gross, Panda, Spinneys және тағы басқаірі шетелдік сауда желілерінің сөрелеріне орналастыру жөніндегі жаңа қолдау шарасы пысықталып жатыр", - деді Шаққалиев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал экспортты арттыру кезінде алдымен Еуразиялық Экономикалық Одақ, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Еуропа және Қытай елдеріне басымдық беріледі.