Қазақстандық ВТБ банкі Visa жүйесінен ажыратылғанын растады

0
481

VISA ВТБ банкімен ынтымақтастықты тоқтатты.


Қазақстандық ВТБ банкі Visa жүйесінен ажыратылғанын растады

ERNUR.KZ. VISA ВТБ банкімен (Қазақстан) ынтымақтастықты тоқтатты. Бұл ақпаратты банктің баспасөз қызметі растады, - деп жазады Tengrinews.kz.

Баспасөз қызметі клиенттер қолма-қол ақша алу үшін ВТБ банкінің (Қазақстан) банкоматтарын пайдалана алатынын айтты.

"VISA ВТБ банкімен ынтымақтастықты тоқтатты. Банктің бұл төлем жүйесінен ажырауы клиент қаражатының сақталуына әсер етпейді. Клиенттер қолма-қол ақша алу үшін ВТБ банкі банкоматтарын пайдалана алады. Банк қаржылық қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуді жалғастырады және әрбір мәселені мүмкіндігінше жылдам шешуге дайын", - деді банктің баспасөз қызметі тілшілерге.