Күйеу жігіт жеңіл атлетикадан Франция чемпионатының жүлдегері, сондай-ақ триатлонмен де айналысады.
ERNUR.KZ. Қазақстандық жеңіл атлет Жанна Мамажанова француз спортшысы Марко Туриге тұрмысқа шықты, деп жазады Stan.kz.
Марко Тури жеңіл атлетикадан Франция чемпионатының жүлдегері, сондай-ақ триатлонмен де айналысады.
Жанна Мамажанова жақында Токио Олимпиадасына қатысу үшін Олимпиада лицензиясын жеңіп алды. Спортшы Австриядағы марафонда жүгіруден жетістікке жетті.
Мамажанова қашықтықты 2:29.01 сағатта еңсерді. Ал жеңіл атлетикадағы олимпиадалық норматив 2:29.30 сағат.