Қазақстандықтар 20 млрд теңгеден астам салықты төлемеген

0
633

Жалпы уақытында төленбеген салықтың сомасы – 325 млрд теңге.


Қазақстандықтар 20 млрд теңгеден астам салықты төлемеген

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп жазады BAQ.KZ.

"Жалпы уақытында төленбеген салықтың сомасы – 325 млрд теңге. Оның ішінде республика бойынша жеке тұлғалардың мүлік қарызы – 20,5 млрд теңге. Егер нақты айтсақ, 717 мың адамның 20,5 млрд теңге қарызы бар. Оның 15,9 млрд теңге негізгі қарыздың сомасы болса, қалған 4,6 млрд теңге – өсімпұл", - деді ол.

Ол атағандай, бүгінде Қазақстан бойынша берешек – 335 млрд теңге.

" Бұл тек жеке тұлғалардың емес, кәсіпорындардың, компаниялардың қарызын қамтиды. Бұл тек осы жылдығы ғана, оған дейін төленбеген жылдарды қамтиды", - деді ол.