Қазақстандықтар 42500 теңгені екінші рет қашан алатыны белгілі болды

0
1 168

​42 500 теңге мөлшеріндегі жәрдемақы екінші рет бірінші төлемді 11 сәуірге дейін алған азаматтарға ғана беріледі.


Қазақстандықтар 42500 теңгені екінші рет қашан алатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Егер елімізде төтенше жағдай режимі ұзартылмаса, екінші әлеуметтік төлем қазақстандықтардың шотына 11 мамырға дейін түседі, деп жазады sputniknews.kz.

"Төлем бір рет тағайындалады және төтенше жағдай кезінде ай сайын төленеді. Мәселен, бірінші төлемді 6 сәуірде алса, екіншісі 6 мамырда түседі. Егер адамдар бірінші төлемді 20 сәуірде алса, екіншісі 20 мамырда, төтенше жағдай режимі ұзартылған жағдайда ғана төленеді", - деп нақтылады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Министрліктің ақпаратынша, наурызда өтініш берген азаматтар сәуірде екінші төлемін алған.

5 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 4 миллион 478 мың әлеуметтік төлем тағайындалды.

"Оның ішінде алғашқы айда – 3 миллион 734 мың, екінші айда – 744 мың", - деп мәлімдеді ведомстводан.

5 мамырдағы жағдай бойынша 42 500 теңге алуға 8 миллион 32 мың азамат өтініш берген.

Өтініштердің ең көбі Алматы облысынан – 1,4 миллион, Түркістан облысынан – бір миллион, Алматыдан – 897,2 мың, Нұр-Сұлтаннан – 595 мың, Шымкенттен 535 мың түсті.

Әлеуметтік төлем мына санаттағы адамдарға беріледі:

  • жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері;
  • карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын, жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген ірі кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері;
  • жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын азаматтар;
  • Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші жеке тұлғалар;
  • қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін, салық агенттері міндетті зейнетақы жарналарын төлеген азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғалар;
  • жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген коммерциялық емес заңды тұлғалардың қызметкерлері.