Азаматтар өз еркімен активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсыра алады.
Midjourney нейронжелісі арқылы жасалған
ERNUR.KZ. Қаржы министрлігі кейбір қазақстандықтар үшін декларация тапсыру міндетін сақтап қалуды ұсынды, деп жазады tengrinews.kz.
Министрлік шетелде активтері бар тұлғаларға, сайланбалы қызметке үміткерлерге, мемлекеттік қызметке орналасатындарға және оларға теңестірілгендерге, сондай-ақ банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушысы болуды қалаған адамдар үшін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) тапсыру міндетін сақтап қалуды ұсынды.
Сонымен қатар, азаматтар өз еркімен активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсыра алады.
"Мемлекеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік және жеке компаниялардың басшылары, құрылтайшылары (оның ішінде 25 пайыз және одан көп акция иелері), олардың жұбайлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде активтері бар және (немесе) өз бетімен салық салынатын табыс алған тұлғалар үшін жыл сайынғы кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00 нысаны) тапсыру міндеті сақталады", – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін үкімет Қазақстандағы жалпыға ортақ декларациялау туралы маңызды мәлімдеме жасаған болатын. 2025 жылы декларация тапсыруы тиіс 8 миллион адамды қаржы министрі активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру міндетінен босатуды ұсынған еді.