​Қазақстандықтар коммуналдық қызмет ақысына қанша ақша артық төлегенін көре алады - Сүлейменов

0
1 150

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты.


​Қазақстандықтар коммуналдық қызмет ақысына қанша ақша артық төлегенін көре алады - Сүлейменов

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов енді қазақстандықтардың тариф бойынша қанша ақшаны артық төлегенін көре алады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Бас прокуратурадағылармен бірге жүргізген жоспарлы іс-шараларымыз бен тексерістердің қорытындысы бойынша монополистердің тарфитік сметаларда көрсетілген ақшадан бөлек үстінен қанша табыс көргенін анықтадық. Инвестициялық бағдарламаларға түзетулер енгзідік, тариф түрінде алған үнемделген қаражатты тексердік, енді ол ақшалардың барлығы тұтынушыларға қайтарылады. Мұның барлығы жүйелі түрде жүргізіледі. Қазіргі уақытта артық төленген ақшаларды шотта көрсету үшін заңға тәуелді актіге өзгертулер енгізіліп жатыр. Бұл әрбір адам басына есептелмейді, әрбір пәтер бойынша есептеледі. Бізге пәтерлердің шоттары бойынша есептер келеді", - деп түсіндірді Сүлейменов.