Қазақстандықтар көшеде де бетперде тағуы тиіс - маман жауабы

0
961

​Қазір кейбір ғалымдар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына вирустың жұғу жолдарын қайта қарау туралы үндеу жасап жатыр.


Қазақстандықтар көшеде де бетперде тағуы тиіс - маман жауабы

ERNUR.KZ. Қазақстандық дәрігерлер азаматтарға тек қоғамдық орындарда ғана емес, көшеде де бетперде тағып жүруге кеңес берді, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"Қазір кейбір ғалымдар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына вирустың жұғу жолдарын қайта қарау туралы үндеу жасап жатыр. Олар зерттеу жүргізіп, вирустың ауада қалықтап, аэрозольды жолмен жұғатынын анықтаған. Сол себепті біз масканы көшеде де тағып жүру қажеттігін ескертеміз", - деді медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, Нұрила Малтабарова онлайн брифингте.


Айтуынша, қазір адамдар далада бетперде тақпайды. Тек қоғамдық орындар мен дүкенге барғанда ғана киеді.


"Біз осы зерттеулерді ескеріп, масканы тек көпшілік жиналатын орындарда емес, көшеде де шешпеуге кеңес береміз", - деді ол.