Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы қаражатты жаңа мақсаттарға жұмсай алады

0
370

​Қаңтар айының соңында қазақстандықтар баспана алу үшін зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін пайдалану мүмкіндігіне ие болды.


Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы қаражатты жаңа мақсаттарға жұмсай алады

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы қаражатты жаңа мақсаттарға жұмсай алады, деп жазады sputnik.kz.

Құжатқа қол қойылған соң, БЖЗҚ салымшылары қаржыны жақын туыстарын емдеуге немесе өзі шетелде ем қабылдауға бағыттауы мүмкін. Бұл үшін шетелдік валютада арнайы есепшот ашып, дәрігерлік комиссиядан өту керек. Сондай-ақ, шетелдік компаниямен келісімшарт жасасу қажет.

Бұған дейін алынған медициналық қызмет пен дәрі-дәрмек құнын өтеуге болады. Тізімге шипажай-курорт емі, экстракорпоралды ұрықтандыру, онкология мен аутоиммундық сырқаттарға жұмсалатын шығын да енді.

Еске сала кетсек, қаңтар айының соңында қазақстандықтар баспана алу үшін зейнетақы жинағындағы ақшаның бір бөлігін пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, қаражатты емделуге, жеке қаржы компаниялардың басқаруына беруге болатын еді.