Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің онлайн брифингісінде белгілі болды.
ERNUR.KZ. Интернет арқылы қазақстандықтарды алдаған бір топ грузин ұсталды. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Интернет-алаяқтық қылмыстарын анықтауға және ашуға, сондай-ақ ұйымдастырушылар мен қатысушыларды ұстауға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асырып жатырмыз. Мысалы, Алматы қаласында киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында интернет-алаяқтардың колл-орталығын анықтады. Жүргізілген операция барысында Грузия Республикасының 24 азаматынан тұратын топ ұсталды», - деді ол.
Сонымен қатар, кешенді шаралардың аясында тон сатамын деп халықты Instagram желісі арқылы алдаған азамат қолға түскен.
«Астана қаласында киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері бірқатар интернет-алаяқтық жасаған Екібастұз қаласының тумасын ұстады. Ол Instagram әлеуметтік желісінде төмен бағамен тон сату туралы хабарландыру жариялаған. Күдіктінің 26 қылмысқа қатысы анықталды. Келтірген жалпы шығыны - 4,2 млн теңге», - дейді ол