Қазақстандықтардың әрқайсысы жеке пайдалануға елге қанша смартфон мен ноутбук әкеле алады

0
725

Тасымалдаушы немесе халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы жеткізілген тауарлар үшін норма 200 еуро және 31 келі болады.


Қазақстандықтардың әрқайсысы жеке пайдалануға елге қанша смартфон мен ноутбук әкеле алады

ERNUR.KZ. Мемлекеттік кірістер комитеті саудалық емес айналым басқармасының бас сарапшысы Қуат Қалдашев азаматтар шекарадан тауарларды өткізгенде бұл тауарлар қай жағдайда жеке пайдалануға арналғанын және қандай шектеулер барын айтты, деп жазады stan.kz.

Бас сарапшы Қуат Қалдашев мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз конференциясында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері Қазақстан Республикасынын Кедендік кодексінің 39-тарауында айқындалғанын атап өтті.

"Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлеріне (ҚР ҚМ 31.03.2015 ж. №250 бұйрығы) сәйкес келесі тауарлар жатады.

Егер олардың саны мынадай көрсеткіштерден аспаса:

  • ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін аң терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;
  • ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2 (екі) бірлік;
  • планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;
  • портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;
  • зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;
  • велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;
  • бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана;

Бұдан бөлек ол Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның өту немесе оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бip) реттен аспаса, кедендік аумаққа кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылғанын айтады.

"ЕАЭО кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлар Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 Шешіміне сәйкес құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалар
шегінде әкелінеді. 2024 жылғы 1 сәуірден бастап бажсыз әкелу шегі өзінің бұрынғы деңгейіне дейін төмендеді. Демек әуе тасымалынан басқа, жаяу және ілеспе немесе ілеспе емес багажбен әкелінетін тауарлар үшін норма 500 еуро және 25 келі болады",
– деді ведомство өкілі.

Оның айтуынша, тасымалдаушы немесе халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы жеткізілген тауарлар үшін норма 200 еуро және 31 келі болады.

"Егер тауардың құны мен салмағы көрсетілген нормалардан асып кетсе, тауар құнының 30 пайызы төленеді, бірақ ілеспе немесе ілеспе емес багажда әкелінетін тауардың асып кету бөлігінде 1 келі салмақ үшін 4 еуродан кем емес. Егер тасымалдаушы немесе халықаралық пошта жөнелтімдерінде жеткізілген тауарлар нормадан асып кетсе, құн нормасынан асып кету бөлігінде тауар құнының 15 пайызы төленеді. Бірақ салмақ нормасынан асып кету бөлігінде 1 келі салмақ үшін кемінде 2 еуро төленеді. Сонымен қатар жеке тұлғалармен жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу шіберінде төменде 2023 жылғы және 2024 жылғы 1 тоқсандағы кезеңге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтер келтірілген", – деді бас сарапшы.