Қазақстандықтарға Қытаймен шекара уақытша жабылатыны ескертілді

0
455


Қазақстандықтарға Қытаймен шекара уақытша жабылатыны ескертілді

ERNUR.KZ. Қытай Қазақстанмен арадағы автомобиль өткізу бекеттерін уақытша жабады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті ескертті, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 1 қазан мен 3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдардың, көлік құралдарының және жүктердің өтуі жүзеге асырылмайды, - делінген хабарламада.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыратыны атап өтілді. Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршруттарын алдын ала жоспарлау сұралды.