Қазақстандықтарға мобильді аударымдар бойынша жауап беруге 30 күн берілді

0
116

Бұған дейін салық органдары тіркелмеген кәсіпкерлік қызмет көрсетуі мүмкін қазақстандықтардың тізімін қалыптастыра бастағаны хабарланған болатын.


Қазақстандықтарға мобильді аударымдар бойынша жауап беруге 30 күн берілді

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Мобильді аударымдарды тексеру бойынша хабарлама алған қазақстандықтар 30 жұмыс күні ішінде түсініктеме бере алады немесе декларация тапсыра алады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Оның айтуынша, салық органдары хабарламаларды жолдауды бастап кеткен.

"Жұмыс жүріп жатыр, біз барлық санат бойынша хабарлама жолдаймыз, бірақ онда мерзімдер бар - 30 жұмыс күні. Қорытындыны салық төлеушілердің реакциясынан көріп отырмыз", - деді Біржанов Сенат кулуарында.

Журналистер хабарлама алғандарды қандай салдар күтуі мүмкін екенін нақтылады.

"Біз декларация тапсыруға немесе түсініктеме беруге мүмкіндік береміз. Қандай да бір айыппұл санкцияларын, шектеулер немесе банктік айыппұлдар қолданбаймыз", - деп жауап берді вице-министр.

Бұған дейін салық органдары тіркелмеген кәсіпкерлік қызмет көрсетуі мүмкін қазақстандықтардың тізімін қалыптастыра бастағаны хабарланған болатын. Хабарламалар мамырда жіберіле бастайды деп күтілген еді.

Еске сала кетейік, салық органдары мобильді аударымдарды тексеріп, олардың қайсы үш негізгі критерийге сәйкес келетінін қарастырған болатын:

  • 100 және одан да көп түрлі тұлғадан келген аударымдар;
  • 3 ай ішінде;
  • жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асатын болса.